ЖаңалықтарҚұқық
Атырау облысында бюджеттен 121 млн теңге қолды болған
Atr.kz/26 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысында бюджет қаражатын жымқырудың 26 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл жыл басынан бері бюджет қаржысын жымқыру бойынша 26 дерек тіркелді. Оның ішінде 13 қылмыс мемлекеттік сатып алу саласында жасалған, қалған 13 жағдай түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде орын алды. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен және бөгденің мүлкін заңдастыру арқасында келген ақшаның жылыстағаны анықталды», — деп мәлімдеді Атырау облысы экономикалық тергеу департаменті.
Барлық қылмыстар бойынша мемлекетке 121,9 млн теңге зиян келді. Бүгінгі таңда оның 16,1 млн теңгесі мемлекетке өтелген.