dsc 0082 1 scaled

Атырау облысында биыл 346 бала екпеден бас тартты

Жаңалықтар

Atr.kz/12 желтоқсан, 2019 жыл.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев атап айтты.

 Соңғы жылдары ата-аналардың діни көзқарасына байланысты балаларын егуден бас тарту фактілері жиілеп кетті. Бұл жағдай алдағы уақытта екпе алмаған, инфекцияларды қабылдауға бейім адамдардың көбеюіне және аурулардың өршуіне әкеледі. Осы жылдың басында қызылша жоғары деңгейде тіркелді. Дерттің басым бөлігі бір жасқа дейінгі балалар арасында көптеп кездесті. Эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру үшін сәуірден бастап 9-10 айлық балаларды қызылшаға қарсы жаппай екпемен қамту жұмыстары жүргізілді. Тамыз айынан кейін ешбір жағдай тіркелмеді. Бұл – жаппай иммундаудың нәтижесі, – деді Амантай Төлегенұлы.

Бұдан басқа, қыркүйектен бастап  20-29 жас аралығындағы тұрғындар үшін қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіліп, барлығы  47 250 адам қамтылды. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады. Осынау ақпараттармен бөліскен спикер жұқпалы ауруларға қарсы екпелерді алмау адам саулығына орасан залал келтіретінін, кейбір жағдайда мүгедектікке, тіпті өлімге әкеліп соқтыратынын баса айтты. Сондай-ақ,   мереке қарсаңында қала тұрғындарының  арасында  тағамнан уланудың алдын алу мақсатындағы қағидаларды қатаң сақтау қажеттігіне тоқталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған