Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті

Облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халықтары Бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» атты марафон өтті. Аймақ бойынша ұйымдастырылған шараға екі мыңнан астам адам қатысып, Атырау қаласындағы жүгіріске 500 тұрғын қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

img 0053 1

Марафон қаладағы ретро саябақтан басталып, «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне дейінгі 5 шақырымдық қашықтықты қамтыды. Шараға түрлі жастағы тұрғындармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар да белсене қатысты.

Басты мақсат – бірлік пен достықты насихаттап, салауатты өмір салтын дәріптеу.

img 0054
img 0056
img 0057
img 0055
img 0059
img 0060

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button