Атырау облысында бір апта ішінде екпе алғандар саны 83,3%-ға артты

whatsapp image 2021 07 08 at 18.08.27 Жаңалықтар

Облыста халықты жаппай вакцинациялау үшін 41 егу пункті бар, оның 10-ы жылжымалы пункт, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

Ақпан айының басынан бүгінгі күнге дейін өңірге 141 200 доза вакцина  жеткізілді. Оның 112 700 дозасы «Спутник-V»  және 3000 доза «Каз -Вак», 9500 доза «Хаят-Вак» және 7000«Корона Вак» вакцинасы.

– 2021 жылдың 1-ші ақпан мен 7-шілде  аралығында 104 722 (74%)адамға вакцина салынғанды. Соңғы 7 күнде вакцина алған адамдардың саны 83,3%-ға артып отыр, 24-30 маусымда – 10 564 адам, 1-7 шілдеде – 19 369 адам вакцина алған, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз