Атырау облысында банкрот деп танылу үшін жеке тұлғалардан 2075 өтініш түскен
2023 жылдың 3 наурызынан қазіргі уақытқа дейін банкрот деп танылу мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментіне жеке тұлғалардан 2075 өтініш түсіп, оның ішінде 1546 өтініштен бас тартылып, 302 өтініш алдын-ала мақұлданған. Бұл туралы департаменттің баспасөз хатшысы Алия Байтемирова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
1546 өтініш берген жеке тұлғалар заңның критериясына сәйкес келмегендіктен, банкроттықты қолдана алмайды. Өйткені, кейбір азаматтардың жұбайларында мүлік, ортақ мүліктің, автокөлік, бағалы қағаз, дипозиттің болуы, кейбірінің АХАЖ бөлімінде некелерінің көрінбеуіне байланысты болып тұр.
-Алдын-ала мақұлданған 302 өтініш заңға сай келсе, 6 айдан кейін банкртоттық қолдану жөнінде шешім шығады, кейін сайтқа жарияланады немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Банкроттық мәртебесін алғанан кейін пайда болатын салдар да бар. Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады, сондай-ақ қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады. Оған қоса 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі, — деді А.Байтемирова.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңға қол койды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап қарызы бар азаматтар банкроттыққа өтініш беруде.