Жаңалықтар
Атырау облысында «ASHYQ» қосымшасын 8735 нысан пайдалануда
«Коронавирус пандемиясының таралуының алдын алуда «ASHYQ» қосымшасы маңызды роль атқаруда» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
«ASHYQ» қосымшасы нәтижесінде 253 адам қызыл мәртебесімен анықталды, 1378 адам сары мәртебесімен анықталып, оқшауланды. COVID-19 инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша, Атырау облысы «жасыл» аймақта» деп атап өтті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Айсұлу Досқалиева онлайн брифингте.
Еске сала кетелік, соңғы тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 жағдай тіркелді. 6 адам инфекциядан жазылып шықты, бір адам коронавирустан көз жұмды.
—