Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында 90 жұмыссыз мұнай-газ саласында еңбек ету үшін тегін оқу курсынан өтеді

Atr.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл. Бейіндік курстарға Атырау облысының әкімдігі  бастамашыл болды,  — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жұмыссыздықты азайту мақсатында Атырау облысының әкімдігі «Слингер», «Электрик», «Тимберман», «Пипмен», «Құрылыс конструкторларын дәнекерлеуші», «Металл өңдеу» бағдарламалары бойынша жұмыссыз жүрген азаматтарды оқытуды бастады. 30% теориялық және 70% практикалық сабақтардан тұратын оқу бағдарламаларын ЖШС қаржыландырған. 
— Курстарға қатысушыларға тек өз мамандықтары бойынша ғана емес, сонымен қатар, «жұмсақ дағдылар» — әріптестерімен қарым-қатынас жасау, жанжалдарды шешу және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті үйретілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік курсын ішінара мүгедек жандар оқыды, олардың арасында  бұрын туберкулезбен ауырғандықтан өндірісте зардап шеккен және қазір мүгедектер арбасына таңылғандар да бар , — деді APEC Жоғары колледжінің баспасөз қызметі PetroTechnic.
Осылайша, бағдарламаны ұйымдастырушылар азаматтарға жұмыс орнында қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын жетік меңгерткен. 
Сапалы оқытудың нәтижесінде  түлектер  «Атыраумұнаймаш», «Теслатан», «Казойтех Велесстрой» және осы  сияқты ірі жер қойнауын пайдаланушы мекемелерге  жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.

whatsapp image 2019 12 13 at 15.43.13

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button