1529068749 10

Атырау облысында 8,4 млрд теңгенің 40 бизнес жобасы мақұлданды

Жаңалықтар Экономика

«Атамекен» ҰКП өңірлік филиалында шағын және орта бизнестің ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыру үшін «қарапайым заттар» экономикасын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе жұмыс істейді.

«Жобалық кеңсе тұрақты негізде қаржыландыру мақұлданған жобаларға мониторинг жүргізеді. Жаңа жобалар іздестіреді. Проблемалық мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ бағдарламаның іске асырылуын жақсарту үшін бизнес субъектілерінің ұсыныстарын саралайды. Жобалық кеңсенің ұсынысымен бағдарламаға асбестцемент пен талшықты цементтен жасалған бұйымдар, пластикалық бұйымдар, бетоннан жасалған құрылыс бұйымдары өндірісі қосымша енгізілді. Жобалық кеңсенің қоржынында жалпы сомасы 33,3 млрд теңгені құрайтын 104 жоба бар. Оның ішінде жалпы сомасы 8,4 млрд теңге болатын 40 жоба мақұлданды», – дейді өңірлік филиалдың жобаларды қолдау бөлімінің басшысы Еркінбек Қаракешев.

Оның айтуынша, жобалар толық іске асырылған кезде импорттың үлесі едеуір төмендейтіні күтіліп отыр. Мәселен, жеңіл өнеркәсіпте 71%-дан 60%-ға, тамақ өнеркәсібінде 54%-дан 40%-ға, құрылыс материалдары өндірісінде 74%-дан 65%-ға, ал химия өнеркәсібінде 55%-дан 40%-ға дейін төмендейді. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 33 млрд теңгенің жобалары іске асырылып жатқанын жазған болатынбыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған