Атырау облысында 8 айда 765,5 млн. теңгенің қаржы бұзушылығы анықталды
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жыл басынан бері 8 айда 23 аудиторлық іс-шара жүргізіп, нәтижесінде жалпы сомасы 4533,2 млн. теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 765,5 млн. теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 3767,7 млн. теңгені құрап отыр.
Есепті кезеңде камералдық бақылау арқылы 13294 мемлекеттік сатып алулар қамтылып, қорытындысында 3729 мемлекеттік сатып алулар бойынша 33 806,055 млн. теңгенің бұзушылықтары белгілі болды. Жіберілген 3686 хабарлама толықтай орындалды.
Сондай-ақ, 244 лауазымды тұлға және 2 заңды тұлға жалпы сомасы 32,9 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 21,7 млн. теңге өндірілген. Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне нұсқамалар жолданып, қорытындысында 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері департаментке 1628 өтініш түсіп, уақытылы тиісті жауаптары берілді.
Ал, Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша есептеріне талдау жүргізу, олардың тоқсан сайынғы есебін комитетке ұсыну жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт аралығында Ішкі аудит қызметі 10 аудиторлық іс-шаралар жүргізіп, 2 аудит материалына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келетіндігі туралы сапа бақылауының қорытындысы берілді.
Мәулен МҮТИЕВ,
Атырау облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы