
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам
Атырау облысында 7 357 адам жұмыспен қамтылды
«Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде аймақта барлығы 64 жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалар 7 357 адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр» деп хабарлайды Atr.kz
Оның ішінде 14 жобада жұмыстар аяқталды. Жалпы алғанда, Атырау облысы бойынша, 31 әлеуметтік-мәдени, 15 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 16 инженерлік-көлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу және 2 елді мекенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жобалар мұнайлы өңір бойынша 7 357 адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Ал, «Еңбек» бағдарламасы облыс бойынша 24 965 адамды қамтыған болатын. Бұл өткен жылдың он бір айы бойынша статистикалық мәлімет екендігін еске сала кетелік.

