
ЖаңалықтарСаясат
Атырау облысында 2025 жылға қарай 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ
2020-2025 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы және кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында облыста 2 315 жұмыс орнын құра отырып, 4,1 трлн теңге сомасына 17 жобаны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инноваиялық даму басқармасы басшысының м.а. Қаныш Мәмбетов мәлімдеді.
- Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 1 015 жұмыс орны ашылатын, жалпы құны 80,9 млрд. теңге болатын 15 жоба іске асырылуда. 2020 жылы жалпы саны 580 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 10,8 млрд теңгенің 7 жобасы іске қосылған болатын. 2021 жылы 836,9 млн теңгеге 5 жобаны іске асырып, 560 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, — деді спикер.