«Атырау облысы Су Арнасы» КМК өкілі: Мұндай жағдай  20 жылдан бері байқалған жоқ»

img 2977 Жаңалықтар

10 желтоқсан күні сағат 15.00 – дегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған үш су тазарту қондырғысының екеуі мұздан тазартылып, іске қосылды- қондырғыларға судың түсу жылдамдығы қалыпты жағдайда. Бұл туралы ӨКҚ хабарлады.

Хабарламада сүңгуірлер үшінші су тазарту қондырғысын тазарту жұмысын жалғастырып жатқаны айтылған.

“Бұрын хабарланғандай, Жайық өзенінде қабыршақ мұздың пайда болуына байланысты Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдық округтерді сумен қамтамасыз етуде мәселе туындаған болатын. 

Бұл қаладағы су тазарту қондырғыларына Жайық өзенінен су алудың қиындауына байланысты. Сонымен қатар, соңғы бірнеше тәулікте шығыстан қатты жел соғып, Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеді, бұл жағдай Атырау қаласы мен қала маңындағы Жаңаталап, Еркінқала ауылдарының сағалық бекеттерінде де деңгейдің төмендеуіне әсерін тигізді”,- делінген жазбада.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметі бойынша, соңғы аптада өзеннің төменгі ағысында теңіз деңгейі 40 см-ге төмендеген, бұл Жайық өзенінде де су деңгейінің төмендеуіне себеп болды.

Қабыршақ мұз бірнеше себепке байланысты су алуда қиындық тудыруы мүмкін:

Бірінші себеп – су жинайтын құрылғылардың бітелуі, өйткені ұсақ мұз кристалдары балық қорғау торларын және су жинайтын жабдықтың басқа элементтерін бітеп тастауы мүмкін, бұл оның тиімділігін төмендетеді және балық қорғау торларын жиі тазалау керек болады.

Екіншіден, жабдықтың бұзылуына ықпал етеді – өзен ағынымен қабыршақ мұздың қозғалуы, әсіресе мұз кристалдары үлкен болса немесе мұз тығыз жинақталған болса, су алатын жабдыққа механикалық зақым келтіреді.

Үшіншіден, бұл факторлар су сапасының төмендеуіне әсер етеді – мұзбен бірге әртүрлі ластаушы заттар жүруі мүмкін, бұл судың сапасын нашарлатады.

Төртіншіден, су ағынына кедергі келтіреді  – кейбір жағдайларда қабыршақты мұз судың қалыпты ағынына кедергі келтіретін тығыз кластерлер түзуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде су жинайтын құрылғылардың тиімділігіне әсер етеді.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК су тазарту қондырғылары бойынша басшысы Борис Пенкиннің  айтуынша (бұл кәсіпорында жұмыс өтілі 30 жылдан астам), өзенде мұздың тығыз массасының пайда болуына байланысты мұндай жағдай шамамен 20 жылдан бері байқалмаған.

Жыл сайын қыс мезгілі басталып,  өзенде мұз пайда болған кезде кәсіпорын қызметкерлері өз күштерімен күресіп, осы жағдайдан сәтті шығып келеді. Биыл өзенде су деңгейінің күрт төмендеуі байқалды. Тек 9 желтоқсан күні кешке бірнеше сағат ішінде деңгей 15-20 см-ге төмендеді. Кішкентай мұз кристалдары су жинайтын жабдыққа орнатылған балық қорғаныс торларын бітеп тастады. 

Осы олқылықты жою үшін кешеден бері ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жұмылдырылып жатыр. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК және басқа да қалалық коммуналдық қызметтердің барлық материалдық-техникалық ресурстары барынша жұмылдырылған. Су тазарту құрылыстарында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, қала әкімі Шәкір Кейкин, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК басшысы Мейірім Қалауи және басқа да жауапты тұлғалар үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз