Атырау облысы еңбек мобильділігі орталығына басшы тағайындалды
1 шілдеден бастап құрылған мансаптық орталықтарды басқаратын Еңбек мобильділігі орталығы басшысының лауазымына Қайрат Омаров тағайындалды.
Жаңа орталықтың басшысын ұжымға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов таныстырды.
Қайрат Омаров Атырау мұнай және газ институтының «экономист» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі:
2004 – 2007 жылдары аралығында Атырау облыстық «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-да түгендеуші;
2007 – 2011 жылдары аралығында «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның аға менеджері;
2011 – 2013 жылдары аралығында банк операцияларын сүйемелдеу бөлімінің есепшісі;
2013 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Жылыой ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.