Жаңалықтар
Атырау облысы әлеуметтік — экономикалық дамуы жағынан республика бойынша көш бастап тұр
30 жылда облыста 179 білім беру, 90 денсаулық сақтау, 37 спорт ғимараты, сондай-ақ 31 мәдени нысан салынды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды atr.kz
Сонымен қатар, өңірде тәуелсіздік жылдарында 11,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтылуы да 12%-тен 99,7%-ке жетті. Орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші, 35%-тен 99,3%-ке дейін артты.
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша облыс республикада бірінші орында тұр» деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Айта кету керек, облыс халқының саны таяудағы санақтың қорытындысымен 665 мың адамға жетті.