Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық жастарды не толғандырады?

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Индер ауданындағы «Жас өркен» балалар жазғы лагерінде өтіп жатқан, «Жастар Отанға» атты лагеріндегі жастармен кездесті.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып жатқан «Жастар Отанға» лагері екінші мәрте өткізілуде. Жоспар бойынша, бұл лагерь жылына бір рет қана өткізіледі. Бұл лагерьде жас мемлекеттік қызметкерлер, жас мұғалімдер,өнер және спорт саласындағы жастар, сондай-ақ, студенттер мен тағы басқа әр саладағы жастар жиналған.

Мұндағы басты мақсат жастардың бойынан жаңа қазақстандық жастың бейнесін қалыптастыру. Жастармен кездесуде аймақ басшысы жастардың сұрақтарына жауап беріп,өмірдегі жинаған тәжірибесімен бөлісті.

WhatsApp Image 2019 06 27 at 12.42.49 1

-Ұйымдастырылып жатқан бұл лагерь өте тиімді шара деп есептеймін. Бүгінгі күнге дейін жастармен бірлесіп, көптеген шаралар жүзеге асып келеді. Өңірімізде 159 мың жастар бар, соның ішінде 100 жастар осы лагерьге қатысып отыр. Жастық шақтағы уақыттарыңызды тиімді пайдаланып, көбірек кітап оқып, шет тілдерін жетік меңгерулеріңіз керек. Миларыңызды жаттықтырып, оны керекті ақпарат пен біліммен жетілдірулеріңіз қажет. Жастардың салауатты өмір ұстануына жəне сапалы білім алуына мемлекет тарапынан көптеген жағдайлар жасалуда, — дейді облыс басшысы Нұрлан Ноғаев.

Лагерьдегі жастар тек демалып қана қоймай, күні бойына семинар-тренингтерден өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тренингтер бір жақты емес.Физикалық тұрғыда,интеллектуалдық тұрғыда және командалық топтық жұмыстарға бағытталған семинар-тренингтер.

WhatsApp Image 2019 06 27 at 12.42.48 3

-Биыл лагерьге жастар тарапынан сұраныс көп болды. Себебі, алдыңғы жылы «Жастар Отанға» лагері Железноводск қаласында өтіп, облысымыздағы 80 жастар қатысқан болатын. Биылғы лагерьге 100 жастар қатысуда. Әр жылда 20 жастан қосып отырамыз деген жоспарымыз бар. Жастар бұл лагерьде бес күн болады, — дейді Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button