Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен  Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Марлен Қасенов тағайындалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жаңа басшыны ұжымға аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Марлен Маратұлы Қасенов 1987 жылы 25 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

2006 жылы – Астана қаласының сауда-экономикалық колледжін, 2010 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2017 жылы – РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын маркетинг, аймақтық және муниципалдық менеджмент мамандығы бойынша аяқтаған. 

Еңбек өтілі:

2007-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық ұйымдарында қызмет атқарған;

05.2012 жылы  «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлігі бөлімі» ММ ауылдық территорияларының бақылау, жоспарлау және даму бойынша бас маманы;

05-10. 2012 жылы ММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» бас маман;

10.2012-01.2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің әкімшілік-құқықтық және қаржылық менеджмент жөніндегі сарапшысы;

01.2013-12.2015 жылдар аралығында ҚР парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі; 

12.2015-12.2016 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы;

2016-2017 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы;

01-10. 2018 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы;

10.2018-04.2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің сарапшысы;

11.2019-09.2020 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары;

2020-2023 жылдар аралығында Іле ауданы әкімінің орынбасары;

02-11.2023 жылы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары;

12.2023-06.2024 жылдар аралығында  ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары;

2024 жылдың маусымынан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрлымды дамыту департаментінің директоры лауазымын атқарды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button