АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АЛАҢҒА КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

e303289a d657 4a56 a9fb fe59f1c224a2 Жаңалықтар

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Жаңаөзен қаласындағы сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап етушілерді қолдау үшін қаланың орталық алаңына келген тұрғындармен кездесті»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылып, отырыс өткізгенін айтты. Сондай-ақ сұйытылған газ бағасына қатысты Үкімет қабылдаған іс-шараларды түсіндірді. Бірнеше тұрғын ұсыныс-пікірлері мен сұрақтар қойды, аймақ басшысы оларға жауап берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз