Бүгіннен бастап коронавирусқа тегін экспресс-тестен өтуге болады

2020041223103254655 2020041211112842421 photo 202501 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/13 сәуір, 2020 жыл. Тест тапсыру үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыру керек.

13 сәуірден бастап коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тестілеуден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтуге болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан хабарландыруға сай:

1. Тест тапсыру үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек;

2. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдардың эпидемиологиялық көрсеткіштері негізінде іріктейді;

3. Бекітілген тізімдер «Олимп» КДЗ-ға жіберіледі;

4. Бекітілген тізімдегі пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келуі керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді;

5. Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек;

6. Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс;

7. Процедуралық кабинетте тіркеледі, кейін коронавирусқа экспресс-тест алынады;

8. Анализ қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады;

Білгеніңіз маңызды!

Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Дене қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды.

Оператордың қоңырауынсыз, өздігімен процедуралық кабинетке келуге болмайды.

Экспресс-тестілеу арнайы процедуралық кабинеттерде өткізіледі, ол жерде басқа анализдер алынбайды.

Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

http://atr.kz/bez-rubriki/sүjinshi-atyrauda-eki-adam-koronavirustan-zhazylyp-shyқty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз