Атырау перинаталдық орталығында міндетті сақтандырумен 224 ота жасалған
«Шұғыл операциялардың бірі жүктіліктің 32-ші аптасында ауыр жағдайда облыстық перинаталдық орталыққа түскен әйелге жасалды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ол орталыққа 25 қаңтар күні ауыр жағдайда түскен.
«Оған «Ауыр дәрежелі преэклампсия. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура. Анемияның ауыр дәрежесі» диагнозы қойылды. Ауыр жағдайдағы жүкті ана дереу жансақтау бөлімшесіне қабылданды. Науқастың жағдайына байланысты, № 1 облыстық ауруханасы мамандарымен біргіп, консилиум өтті. Кейін науқасты елордадағы «Ана мен бала ғылыми орталығына» жеткізу туралы шешім шықты. Алайда, науқастан коронавирус инфекциясы анықталуына байланысты, жүкті анаға Атырау облыстық перинаталдық орталығында шұғыл ота жасалып, босандырылды.
Салмағы 1 келі 940 грамм, бойы 45 см қыз бала өмірге келді. Нәрестеге бастапқыда жансақтау бөлімінде ем-дом көрсетілді. Сәбидің анасынан коронавирус инфекциясы анықталуына байланысты, жағдайы тұрақталғаннан кейін нәресте әрі қарай №2 облыстық ауруханада ем қабылдады. 11 ақпан күні сәби үйіне шығарылды. Осылайша, облыстық перзентхананың мамандары күрделі отаны сәтті жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды».
Еске сала кетелік, Атырауда облыстық перинаталдық орталығында жыл басынан бері міндетті сақтандыру арқылы 224 ота жасалған.
Оның ішінде, операциялардың 124-і жоспарлы, 100-і шұғыл түрде жасалған.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406