Ватсапта тараған видеодағы медициналық қалдықтардың неге өртелгені белгілі болды (+ФОТО)

img 20201010 wa0085 Жаңалықтар

Atr.kz/10 қазан, 2020 жыл. Биыл 23 қыркүйекте Атырау қаласының «Спецавтобаза» ЖШС-нің полигоны маңында әлдебіршұңқырдың ішінде медициналық қалдықтардың өртеніп жатқаны туралы бейнетаспа «WhatsApp» әлеуметтік желісінде тарап кеткен болатын.

Анықталғанындай, медициналық қалдықтарды өртеп жатқан «AG Disinfection services» ЖШС-гі екендігі белгілі болды.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша экология департаментінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне Атырау қаласының тұрғынынан жоғарыда көрсетілген оқиға бойынша мән-жайды анықтау жөнінде өтініш келіп түскен.

Соның негізінде, Департамент жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерде қылмыстың құрамы болуы мүмкіндігін ескере отырып, Атырау облысының Полиция департаментіне «AG Disinfection services» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес процессуалды шешім қабылдау үшін тиісті құжаттарды жолдады.

Атырау облысы полиция департаментінен алынған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда Атырау қалалық полиция басқармасымен «AG Desinfection Services» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды.

Бүгінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, аталған орында «AG Desinfection Services» ЖШС-мен медициналық қалдықтарды өртеу жұмыстарының жалғасып жатқандығы анықталды.

Оқиға орнын Департаменттің мамандарымен зерделеу барысында анықталғанындай, қалдықтар арнайы қондырғыда өртелген.
Сондай-ақ, аталған жерге Полицияның жедел-тергеу тобы келіп, тиісті іс шараларды жүргізді.

Аслан Жеңісұлы,

Атырау облысы бойынша экология департаментінің ресми өкілі

img 20201010 wa0086
img 20201010 wa0083
img 20201010 wa0087
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз