Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау облыстық кардио орталық жанынан 50 орындық жапсаржай пайдалануға берілді

«Үш қабатты ғимаратта қабылдау-сұрыптау және диагностикалық аймақ, кардиохирургия және қан тамырлары хирургиясы, реанимациялық-операциялық блок және рентгенхирургиялық қызметі бар интервенциялық кардиология бөлімшесі орналасқан» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

 Бүкіл аурухана кешенінің жұмыс істеуі үшін қазіргі заманғы сору-сыртқа тарату желдеткіші, таза ауа (ламинарлық ағын), сондай-ақ орталықтандырылған кондиционерлеу жүйелері көзделген. Бұдан басқа аурухана кешенінің барлық қажетті медициналық газдармен (оттегі, вакуум, Сығылған ауа және СО2), үздіксіз энергиямен қамтамасыз етумен (үздіксіз қоректендіру көздері мен резервтік дизель-генерацияны қоса алғанда) және ГХВС және жылытуды орталықтандырылған берумен қоса алғанда) қамтамасыз етіледі.

Жобаның басым бөлігі операциялық блок, жансақтау, диагностикалық бөлімшесі (жасанды қанайналым аппараты, наркозды-тыныс алу аппаратурасы, сондай-ақ пациенттердің тыныс-тіршілігін бақылау және мониторинг жүйелері, құрал-саймандар, УДЗ жабдықтары, тағы басқалар) сияқты қызметтер үшін барлық қажетті заманауи жабдықтар сатып алынды. Бейнебақылау жүйелері, паркинг, объектіні абаттандыру, сондай-ақ, интернет пен телефондандыруға арналған жергілікті желі, құлақтандырудың және өрт сигнализациясының сигнал беру жүйелері көзделген.

Операциялық блокта құралдарды өңдеу мен стерильдеудің заманауи жабдықталған бөлімшесі бар. Бұдан басқа, жүрек-қантамыр жүйесінің барлық ауруларын диагностикалау үшін «Филипс Продива» фирмасының (1.5 тесла) заманауи магнитті-резонансты томографымен (МРТ) жабдықталған.

Оттегін үздіксіз өндіру және оны аурухана мекемесінің ескі және жаңа ғимаратына беру үшін орталықтандырылған оттегі станциясы (концентратор) орнатылған (бұл жоба да НКОК компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылған) .

Қазіргі уақытта АОКО Атырау облысының тұрғындарына және көрші облыстардан келген пациенттерге жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін көптеген жұмыс істейтін емдеу  сауықтыру мекемесі (ЕСМ) болып табылады. ЕСМ жұмысының негізгі бағыты: кардиология және жүрек-қантамыр хирургиясы, интервенциялық кардиоангиология және аритмология, сонымен қатар көп салалы хирургия.

Бұл жоба Атырау облысының тұрғындарына көп бейінді, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмекті одан әрі дамытуға ықпал ететіні сөзсіз және қан айналымы жүйесінің негізгі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтуға септігі болары анық.

Еске сала кетелік, жапсаржай ғимараты «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы демеушілігімен салынды. Жобаның жалпы сметалық құны: 5,2 млрд. теңгені құрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button