Ағелеуов атындағы орта мектепте 116 бүлдіршін қадам басты (ФОТО)

IMG 4929 Білім

Бүгін Махамбет ауданындағы 17 мектепте алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Соның ішінде Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде де білім күніне арналған салтанатты шара жоғары деңгейінде ұйымдастырылды.

IMG_4929

Оқушыларды, мектеп ұжымын, ата-аналарды білім мерекесімен құттықтаған мектеп директоры Гүлзада Неталиева биылғы оқу жылын 927 оқушымен бастағалы отырғанын атап өтті. Оның ішінде 27 қазақ сыныбында 539 оқушы, 20 орыс сыныбында 388 оқушы білім алмақ. Мектеп алды даярлық бойынша қазақ тобында 48, орыс тобында 26 бүлдіршін бар. Ал бірінші сыныпқа 116 оқушы қадам басқалы отыр.

IMG_4938

Махамбет ауылдық округінің әкімі Бақытжан Мүтуұлы да мектеп ұжымына ақжарма тілегін арнады. Мектептің өнерпаз оқушылары әуелете ән салып, мың бұрала би билеп салтанатты шараның көрігін қыздыра түсті.

IMG_4901

Бүгінгі алғашқы сабақ Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Мен елімнің патриотымын!» тақырыбында өткізілді.

IMG_4942

IMG_4953

Баян СҮЙЕУОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз