Атыраулық дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен баланың өмірін құтқарып қалды
Атырау облыстық балалар ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қазіргі заманғы материал Bone Plate Titanium (қазіргі заманғы титанды пластика) қолданумен бас сүйек пластикасына қымбат тұратын бірегей ота жасалынды, — деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Он бес жасар Әділдің өмірін тосыннан болған жол апаты күрт өзгертті. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде Әділ Қарабалаев өте ауыр бас сүйек – ми жарақатын алып, өмір мен өлімнің ортасында жатқандықтан оған шұғыл түрде сол жақ париетальды сүйектің краниотомиялық декомпрессиясы жасалынды.
Отадан кейінгі кезеңде жасөспірімнің бас сүйегінде кемістік байқалды. Жол апаты зардабынан бас және бет сүйегінде кемістік пайда болған Әділге ерекше күрделі отаны облыстық деңгейде жасау балалар ауруханасы базасында қазіргі заманғы жабдықтар мен білікті мамандардың болуы арқасында қол жеткізілді. Аталған ота бас сүйектің косметикалық кемшілігін жоюға мүмкіндік берді. МӘМС жүйесі аясында мүмкін болған бұл шұғыл хирургиялық араласудың құны 2,2 млн. теңгені құрайды. «Еліміз бойынша барлық 18 жасқа толмаған балалар МӘМС жүйесінде мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар санаттарға жатқызылатындықтан Әділге қымбат тұратын ота тегін жасалынды» — деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.
Осылайша енді Әділдің бас сүйегінде ешқандай кемістік болмайтын болды.
Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасында МӘМС жүйесі бойынша барлығы – 971 оталар жасалынған, оның ішінде жоспарлы түрде – 191 ота, шұғыл түрде – 780 оталар. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша – 3 оталар жүргізілген, оның ішінде жоспарлы – 1, шұғыл түрде – 2.