Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицинаФОТОГАЛЕРЕЯ

Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылады

Atr.kz / 29 маусым, 2020 жыл. Медициналық мекеменің  барлық бөлімі  басқа ауруханаларға ауыстырылатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл туралы бүгін облыстық ауруханада өткен  пресс-тур барысында белгілі болды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардио орталықта  70 провизорлық кереует бар.  Сонымен қатар, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда.

img 20200629 wa0028
img 20200629 wa0030

— Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Мұнымен қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге өткізіп,  онда 400 орындық инфекциялық стационар  ашуды көздеп отырмыз, — деді Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында «пневмония»  диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы  медициналық мекемелерге жатқызылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button