ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...Қоғам
Атырау: облыс ауылдарында жұма намазына рұқсат берілді
«Бүгін облыстың жеті аудандарында және ауылдық мешіттерде «жұма намазы» оқылады» деп хабарлайды Atr.kz
Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айтты. «Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің рұқсатымен, өңірге қарасты жеті ауданда және ауыл мешіттерінде бүгін «жұма намазы» оқылады.
Атырау қаласындағы 7 мешітте және Құлсары қаласындағы мешітте «жұма намазы» оқылмайды. Барша жамағатты араға бір жыл сала келген қуанышты жаңалықпен құттықтаймын. Және қатаң жағдайда санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, бүгін Атырау облысы «жасыл аймаққа» өтті.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА