IMG 20190202 WA0008 1

Атырауда екі сағатқа созылған әлеуметтік желідегі тікелей эфирге 5000-нан астам адам қатысты

Жаңалықтар Саясат Қоғам

Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұлықбек Тінәлиев пен Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Нұрлы Хабиева бір сәтте 100-ден астам сұраққа жауап берді.

IMG 20190202 WA0008 1
IMG 20190202 WA0010 1

Жұмыспен қамту, жәрдемақы есептеу, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындардың мәселелері талқыланған тікелей эфирге екі сағат ішінде 5 мыңға жуық адам қосылған.

«Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша біз әлеуметтік желілер арқылы жасалып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы айтамыз. Қазір тұрғындардың көпшілігі ақпаратты әлеуметтік желілерден алатындықтан, осы үрдісті дұрыс деп ойлаймыз. Біз ашық диалогқа, жұмысымызды анық, адал жасауға қашан да дайынбыз, – дейді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұлықбек Тінәлиев. Атыраулық мемлекеттік орган басшыларының әлеуметтік желілер арқылы есеп беруі енді тұрақты үрдіске айналады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған