Жарнама
Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытының №33 резервуар паркінде ақау анықталды

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС №33 резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компоненттерін айдау желісінде ағып кету фактісі анықталғанын хабарлады.

Қазір жауапты мамандар құбырды резервуардан ажыратып, орын алған жағдайдың салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.

Зауыт өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға мұнай өнімдерін жөнелту көлеміне әсер етпейді. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ зауыт қызметкерлері жағдайды бақылауда ұстап, тиісті шараларды атқаруда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button