Жарнама
Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдай жанармай тапшылығын тудырмайды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдай жанармай тапшылығын тудырмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтаудағы энергия комбинатында апатты жағдайдан автоматты қорғау жүйесі іске қосылды. Қазіргі таңда энергиямен қамтамасыз ету қалпына келтіріліп жатыр. Бұл аймақтардың энергия жүйесі батыс энергетикалық торабымен біріктірілген.

Атырау мұнай өңдеу зауыттарында ақаулар анықталған жоқ. Зауыттың жұмысын қауіпсіз тоқтату үшін дер кезінде шаралар қабылданды», — деді ол.

Әлихан Смайылов қазіргі таңда зауыт басқа кәсіпорындар сияқты өз жұмысын қалпына келтіріп жатқанын атап өтті.

«Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауыттарын тоқтату туралы алыпқашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай бақылауда», — деді Премьер-Министр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button