ЖаңалықтарЭкономика
Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы тағайындалды
Ғалымжан Жусанбаев «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Petrocouncil.kz. Telegram-каналына сілтеме жасап.
Ғ.Жусанбаев 2005 жылдан бастап мұнай-газ саласында еңбек етеді.
Әр жылдары «SAT Operating Aktau» ЖШС зауытында бас директор, «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ компаниясында, «Petro Export» ЖШС-де бас директор болып жұмыс істеді.
Мұрат Досмұратовтың кәсіпорын басшысы ретіндегі өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.