dae5f383e16e4e8551d83cd0eab11da91

Биыл қанша оқушы ыстық тағаммен қамтылады?

Білім Жаңалықтар

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы биыл білім беру саласына 53,7 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

dae5f383e16e4e8551d83cd0eab11da91

– Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд теңгеге артық. Биылғы оқу жылында бастауыш сыныпта 51521 шәкірт білім алатын болады. Олардың бәрі де ыстық тағаммен қамтылмақ. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 2 млрд 273 млн теңге бөлінген. Бұл өткен жылғы сомадан екі есе көп. Ал, шағын жинақталған мектептердің материалдық базасын нығайту мақсатында 21 мектепке 14 млн 880 мың теңгеге интерактивті құралдар алынды.

Жалпы, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында адам капиталы сапасын арттыруға ерекше мән беру керектігіне тоқталса, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Халқымыздың құндылықтарының ішінде білім бірінші орында тұруы шарт» деп атап көрсеткен боалтын. Осы мақсатта облыста заман талабына сай жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар да жоқ емес, – деді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған