Жарнама
Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты ел бюджетіне 151 млрд. теңге салық төлейді

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 2024 жылдағы өндірістік қызметін қорытындылауда.

Ағымдағы жылдың 10 айында шикізат өңдеу көлемі 4,58 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57 тоннаға артық. Қараша айында сұйытылған мұнай газын шығару көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6 322 тоннаға өсіп, 23 080 тоннаны құрады; әуе отынын өндіру 57%-ға артып, 23 848 тоннаға жетті.

Экологиялық көрсеткіштер де жақсарды. Мәселен, зиянды заттарды шығару көрсеткіші 11,9%-ға, ал қалдықтарды шығару көлемі 39%-ға азайды. Отын шығынының көрсеткіші нормативтік деңгейден айтарлықтай төмендеп, 8,45– 9,80%-ға азайды. Технологиялық қондырғыларды реконструкциялаудың нәтижесінде ағынды суларды шығару көлемі 68-тоннаға төмендеді.

Шығындарды оңтайландыру бағдарламасын енгізудің арқасында 2024 жылдың 10 айы ішінде кәсіпорын шығындары 22%-ға азайып, жоспраланған 150,6 млрд. теңгенің орнына 117,4 млрд теңгені құрады. Бюджеттік қаражатты үнемдеу сомасы – 33 млрд. теңгеден астам.

2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты 142 млрд. теңгеден астам салық төледі. Оның 20,5 млрд. теңгесі республикалық бюджетке, ал 121,5 млрд. теңге Атырау қаласының бюджетіне төленді. Жыл соңында кәсіпорынның салық төлемдерінің жалпы көлемі 151,5 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланған.

«АМӨЗ» ЖШС кәсібилік, жауапкершілік және инновация принциптерін негізге ала отырып дамуын жалғастыруда. Кәсіпорынның алдына қойған басты мақсаты – зауыттың тиімділігін арттыру және ішкі нарықты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ел бюджетіне 151 млрд. теңге салық төлейді.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 2024 жылдағы өндірістік қызметін қорытындылауда.

Ағымдағы жылдың 10 айында шикізат өңдеу көлемі 4,58 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57 тоннаға артық. Қараша айында сұйытылған мұнай газын шығару көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6 322 тоннаға өсіп, 23 080 тоннаны құрады; әуе отынын өндіру 57%-ға артып, 23 848 тоннаға жетті.

Экологиялық көрсеткіштер де жақсарды. Мәселен, зиянды заттарды шығару көрсеткіші 11,9%-ға, ал қалдықтарды шығару көлемі 39%-ға азайды. Отын шығынының көрсеткіші нормативтік деңгейден айтарлықтай төмендеп, 8,45– 9,80%-ға азайды. Технологиялық қондырғыларды реконструкциялаудың нәтижесінде ағынды суларды шығару көлемі 68-тоннаға төмендеді.

Шығындарды оңтайландыру бағдарламасын енгізудің арқасында 2024 жылдың 10 айы ішінде кәсіпорын шығындары 22%-ға азайып, жоспраланған 150,6 млр. теңгенің орнына 117,4 млрд. теңгені құрады. Бюджеттік қаражатты үнемдеу сомасы – 33 млрд. теңгеден астам.

2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты 142 млрд. теңгеден астам салық төледі. Оның 20,5 млрд. теңгесі республикалық бюджетке, ал 121,5 млрд. теңге Атырау қаласының бюджетіне төленді. Жыл соңында кәсіпорынның салық төлемдерінің жалпы көлемі 151,5 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланған.

«АМӨЗ» ЖШС кәсібилік, жауапкершілік және инновация принциптерін негізге ала отырып дамуын жалғастыруда. Кәсіпорынның алдына қойған басты мақсаты – зауыттың тиімділігін арттыру және ішкі нарықты жоғары сапалы мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button