Жарнама
Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты 80 жылдық мерейтойын атап өтті

Ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытына биыл — 80 жыл! Осынау айтулы датаны амөздіктер салтанатты жағдайда атап өтті. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған іс-шарада үздіктер марапатталды.
Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен тұспа-тұс келген мерейтойдың салтанатты жиынында сала мамандарын облыс әкімі Серік Шәпкенов құттықтады.

2bbb14e2 a866 4d5a 98c0 ca73a30a3f0a

-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұнай мен газ — стратегиялық маңызы бар ресурс. Себебі бұл сала еліміздің өркендеуіне айрықша ықпал етті. Тәуелсіздік жылдары «қара алтынның» игілігін молынан көрдік. Қазіргі таңда бұл сала қарқынды дамып келеді. Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі саналады», — деген болатын. Атырау мұнай өңдеу зауыты қаланың дамуында салмақты рөлі бар іргелі кәсіпорын. 1945 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстанның мұнай өңдеу саласы дами бастады. Ұлы Отан соғысының аумалы-төкпелі кезеңінде салынған кәсіпорын тек біздің өңірдің ғана емес, бүкіл ел үшін стратегиялық маңызға ие. АМӨЗ отандық мұнай өңдеу саласының негізін қалап, экономикамыздағы қолтаңбасын айқындай түсті. Бүгін зауыт ардагерлері мен еңбек ұжымының мұнай өңдеу өнеркәсібінің өркендету жолындағы ерекше еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Зауыт 30-дан астам өнім шығарады. Елдегі ашық түсті мұнай өнімдеріне деген сұраныстың үштен бірін қамтамасыз етіп отыр. Параксилол мен бензол сияқты мұнай өнімдерін өндіретін бірегей кәсіпорын. Атырау мұнай өңдеу зауыты — біздің мақтанышымыз. Озық технологияларды пайдалана отырып дамудың даңғыл жолына аяқ басты, — деген облыс әкімі зауыттың бірқатар қызметкері Алғыс хаттар табыс етті.

d77890c9 d25c 4bc6 aa60 aaf6b9c19219


Сондай-ақ зауыттықтарды айтулы қос мерекемен ҚР Энергетика вице-министрі Арымбек Құдайберген, Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов құттықтады.
Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Парламент Мәжілісі төрағасының құттықттау тілегін жеткізді. Халыө қалаулысы атап өткендей, былтыр Атырау мұнай өңдеу зауыты айрықша жетістікке қол жеткізіп, 5,5 миллион тоннадан астам шикі мұнай өңдеу арқылы тарихи рекорд орнатты. Қазіргі таңда ұжым алдында жаңа меже тұр – алдағы жылдары өндіріс көлемін арттыра түсу.

ccc34f2e 36df 483b bf81 3975001bb4d0

Атырау мұнай өңдеу зауыты бүгінгі таңда ел экономикасының өркендеуіне серпін беріп келеді. Сегіз онжылдықты артқа тастаған алып кәсіпорынның алда да жаңа жетістіктерге қол жеткізетініне сенім мол.

6c353445 1280 46f7 8cf8 7c0fa134dea9
37873bd6 b8e6 45cf 99ed ba0dbcb9d534


Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button