Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау — менің қалам» атты тазалық акциясы өтті

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Атырау қаласында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «Атырау – менің қалам» атты ауқымды тазалық акциясы өтті. Іс-шараға қала тұрғындары, мемлекеттік мекеме өкілдері белсене қатысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция барысында қала аумағындағы саябақтар, алаңдар, тұрғын үй кешендерінің маңайы және Жайық жағалауытазартылды. Әсіресе, өзен жағалауы басты назарда болды. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың борышы екенін атап өтіп, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Ұйымдастырушы Болатбек Өтешовтың айтуынша, мұндай акциялар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, қоғамның табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгертуге ықпал етеді. Осы орайда, алдағы уақытта экологиялық мәдениетті арттыру бағытында түрлі акциялар өткізу жоспарлануда.

-Біз Атырау қаласын тек қана таза емес, сонымен қатар экологиялық жағынан қауіпсіз қалаға айналдыруды мақсат етеміз. Әр тұрғын осыған үлес қосуы тиіс, – деді ол.

Айта кетейік, аталған акцияға 50-ге жуық адам қатысып, 2 тоннаға жуық қоқыс жинады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button