«Атырау» мен «Ордабасы» – 1:0 (+ФОТО)
Atr.kz/22 шілде, 2019 жыл. Қазақ футбол Премьер-лигасының кезекті ойынында «Атырау» мен «Ордабасы» командалары кездесіп, жанкүйерлерге тамаша әсер сыйлады. Бұл ойынды көруге келген «Мұнайшы» стадионындағы 4500 адамның көңіл-күйінен айқын байқалды.
Тартысты матчты Петропавл, Орал және Қостанай қалаларының төрешілері таразылады. «Атырау» командасының озық ойын өрнегі бес бірдей ескерту қағазына қарамастан әдемі жалғасын тапты. Ақыры, кездесудің 74-ші минутында «атыраулық» Исламнур Абдулавов қарсыластар қақпасына жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп атыраулықтардың пайдасына – 1:0.
Кездесудің әділ өткенін ойыннан кейінгі баспасөз жиынында қарсылас команда жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе де мойындады. «Біз бір ғана қателіктің кесірінен жеңіліске ұшырадық. Әйтсе де, ойынның аты ойын ғой, атыраулықтарды жеңіспен құттықтаймын» деді ол.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ