Жарнама
Жаңалықтар

Атырау мен Боржоми қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнатылмақ

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов аймаққа ресми жұмыс сапарымен келген Грузия мемлекеті Боржоми қаласының мэрі Отар Арболишвили бастаған делегациямен кездесті. 

Серік Шәпкенов Отар Арболишвилиге ілтипат білдіре отырып, өзара ынтымақтастықтың екі жаққа да табысты болғанын айтып, оны дамытуда қос тарап бірлесе жұмыс істеу керектігін айтты. Сонымен қатар Боржоми қаласы атыраулықтар үшін туристік-сауықтыру мекеніне айналғанын атап өтті. 

af561d2e 818f 44ba bec1 a0d73b5a36fb

— Жалпы Атырау қаласынан «Атырау-Кутаиси» бағыты бойынша аптасына 3 рейс орындалады. 2022 жылы Грузияға демалу үшін Атыраудан 18 мыңнан астам турист барса, оның 6 мыңға жуығы «Borjomi Palace» санаторийінде ем алды. Ал осы жылдың төрт айында 10 мыңға жуық адам барған. Қазіргі уақытта облыстың турагенттіктері мен туроператорлары грузиндік туроператорларымен белсенді байланыста,-деді С.Шәпкенов.

Кездесу барысында Атырау мен Боржоми арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың, туризм саласының өзекті мәселелері талқыланды. 

Отар Арболишвили облыс әкімі Серік Шәпкеновке ризашылығын білдіріп, ол үшін арадағы байланыстың маңызы зор екенін жеткізді. Сондықтан Атырау қаласы бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қою үшін  Боржоми қаласына шақырды.

8b8a5121 a73d 4c15 814f 9ef509be6a6a

Атырау облысының Грузиямен сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-мамырда 396,9 мың АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ қазіргі таңда Атырау облысында грузин капиталының қатысуымен 16 кәсіпорын тіркелген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button