Жарнама
БілімЖаңалықтар

Атырау мектептерінде жаңа оқу жылы қанша бала оқиды?

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында  жаңа оқу жылы мектептерде  131 мыңнан астам оқушы оқиды.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте  Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.
Оның  айтуынша, бүгінде жуық арада басталатын  жаңа оқу жылына тиісті дайындық шаралары  басталып кеткен. 
—    Біз қай-қай салаға да дайын болуымыз  керек. Сол себепті, білім саласына  дайындық шаралары  басталып, мектептердегі компьютерлердің жеткіліктілігі, шалғай аудандардағы интернеттің жылдамдығы сарапқа салынып жатыр. Қазіргі  ахуалға  сай  жаңа талаптар да  енгізілу үстінде. Бұған дейін облыс көлемінде 129 100-ге жуық оқушымыз болған болса, жаңа оқу жылында 131 мыңның үстінде оқушы оқитын болады, — деді Бақытгүл Хаменова.

https://atr.kz/bez-rubriki/erten-el-bojynsha-bir-minuttyq-unsizdik-zhariяlanady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button