Жарнама
Жаңалықтар

Атырау: медициналық көмекті қаржыландыруға 3,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

atr.kz/10 қыркүйек, 2020 жыл.   Жарты жылдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 156,7 млрд теңгеден астам қаржы жібердігі белгілі болды.


Осылайша, 6 ай ішінде МӘМС-ке 260 млрд теңгеден астам сомада жарналар мен аударымдар түсті. Сонымен қатар, олардың басым бөлігі — 146,6 млрд теңге — бұл халықтың 15 жеңілдікті санатына жататын 11 млн-ға жуық азаматтар үшін жарнаны мемлекет төледі.
«2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша Қор филиалы МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін 3,4 млрд теңгеден астам қаражат төледі.

Төлем халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Клиникалық хаттамаларды және емдеуге қажетті талаптарды сақтай отырып, факті бойынша көрсетілген және құжатпен расталған қызметтер ғана төленеді» — деп атап өтті Қордың Атырау облысы бойынша филиал директор Сәбит Құралбек.


Атырау облысы бойынша филиалдың жарты жылдықтағы шығындарының басым бөлігі стационарлық медициналық көмек пен бір адамға КДК төлемі — 2 млрд теңгеден астам соманы құрады.  Алты ай ішінде жоспарлы түрде облыстың стационарларында 10 мыңнан астам адам емделген.


«МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіне емес, Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі. Ол жерден қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуге медициналық ұйымдар – Қордың жеткізушілеріне жіберіледі» — деп түсіндірді филиал директоры С. Құралбек.


Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықта барлық қазақстандықтар МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған және медициналық қызметтерді кепілді көмек аясында, сондай-ақ МӘМС аясында пайдалана алатын.


Сонымен қатар, құны 11 млрд теңгеден асатын 50 мыңнан астам қазақстандық медициналық оңалтудан өтті. Жарты жылда тағы 3,8 мыңнан астам азамат 11 млрд теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық медициналық қызмет алды.


Естеріңізге сала кетейік, екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта басталды, сондықтан екінші жартыжылдықта МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер бойынша көрсеткіштердің өсуі күтілуде.

https://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysynda-%d1%8dpidemiologi%d1%8flyq-zhagdaj-turaqtandy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button