«Atyrau Marathon — 2018» қайырымдылық бағытында ұйымдастырылады
Атырауда марафон 13 мамырда өтеді, — деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл марафон 42 шақырымды құрайды. Екінші қашықтық — 10 км, ол тұрақты жүгірумен айналысатын адамдар үшін арнайы дайындалған. Үшінші қашықтық — жаңадан бастағандар үшін 4,5 км (тегін). Қазір марафонға қатысуға ниет білдіргендердің саны 25-тен астам.
— Жарысқа қатысу ақылы. Марафон қашықтығы үшін 3 000 теңге, 10 шақырымға — 1000 теңге, ал үшінші қашықтыққа қатысу тегін. Ал студенттер мен зейнеткерлер де тегін қатыса алады, — дейді «Atyrau Marathon — 2018» ұйымдастыру комитетінің өкілі Юрий Пономарев.
Юрий Пономаревтің айтуынша, тіркелуге жиналған қаржы толықтай қайырымдылыққа жұмсалады. Медальдар мен жүгірушілердің саны әр қатысушыға беріледі. Қазіргі таңда марафон символы бар 3 мың медаль дайын.
Марафонның барлық қатысушылары үшін апта сайынғы жаттығулар сейсенбі күні сағат 19.00 Сұлтан Бейбарыс ескерткішінің алдында, жексенбіде — сағат 9.00-де «Мұнайшы» стадионында өткізіледі.
Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі марафоншы, спорт шебері Марат Жыланбаев ауқымды шараның арнайы қонағы болады.
Марафонға қатысу үшін мына сайттан тіркеле аласыз.
Хорлан СМАДИЯР