Әлеуметтік желідегі бейнежазбаның атыраулық оқушыларға қатысы жоқ (+ВИДЕО)

whatsapp image 2020 10 21 at 19.35.56 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Бірнеше әлеуметтік желіде онлайн сабақ кезінде мұғалімді тыңдамай, бейәдеп қылық көрсеткен оқушылардың видеосы таралған болатын.

https://youtu.be/dlGJHw1kVKc

Аталған бейнежазбаға қатысты анықтау шаралары жүргізіліп, Атырау облысына қатысы жоқтығы анықталды.

«Желіде тараған видеоға сәйкес, анықтау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде, ондағы оқушылар мен мұғалімнің өңірімізге қатысы жоқтығы анықталып отыр» деп түсіндірді облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев

«Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз