
Жаңалықтар
Атырау маңында қамыс өртенді
Бүгін Атырау қаласында қамыс өртеніп, мүңкіген иісі тұрғындарға маза бермей тұр. Мәселеге байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері түсінік берді.
– Облыс орталығынан шамамен 40 шақырым жерде қамыстың төрт жану ошағы анықталды. Табиғи ландшафттағы өрттің таралу қаупіне байланысты оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жұмылдырылды. Қазір өртті сөндіру жұмыстарына 32 қызметкер мен 3 техника тартылды. Жалынды ауыздықтау бағытында тиісті шараларқолға алынуда, — делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ