Жарнама
Жаңалықтар

Атырау – Маңғыстау, Атырау – Ақтөбе бағыттары бойынша қатынайтын пойыз вагондары жаңарды

Жолаушылар вагоны паркі отандық «ЗИКСТО» зауытының өнімдерімен толықты. Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалына аталған зауыттың заманауи плацкарт және купе жолаушылар вагондарының бірінші партиясы жеткізілді. Олар Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Маңғыстау, Атырау – Ақтөбе бағыттары бойынша қатынайтын пойыздар құрамында болады, деп хабарлайды AtyrauPress rail-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл вагондарды Петропавлдағы «ЗИКСТО» компаниясы ресейлік Тверь зауытының технологиясы бойынша құрастырып шығаруда. Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар вагон паркі алдағы қазан айының соңына дейін 50 вагонмен толығар болса, келесі жылдың басында тағы 100 бірлігі жеткізілмек. Ал 2030 жылға дейін Stadler компаниясының 537 жоғары технологиялық вагондарын сатып алу көзделген. Бір вагонның құны – 537 миллион теңге.

img 9596

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжановтың айтуынша, жалпы ұлттық тасымалдаушының вагондар паркі Үкіметтің және Көлік министрлігінің қолдауымен жаңартылуда. Вокзалға жеткізілген алғашқы 13 вагон Астана – Жезқазған, Ақтөбе – Атырау және Ақтөбе – Маңғыстау бағытындағы пойыздар құрамында болады. Вагондардың жаңартылуы пойыздың билет құнына еш әсер етпейді. Батыс өңірі бойынша қатынайтын вагондардың 84 пайызы жаңартылмақ.   

Дайындаған Эльмира МЫҚТЫБАЕВА 

Фото rail-news.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button