Атырау мұнай өңдеу зауыты: 700 жаңа жұмыс орны құрылды
Atr. kz / 15 – ақпан. Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғыртудың екі кезеңі жүргізілгені белгілі.
Осы кезеңдерде зауытта 700 жаңа жұмыс орны құрылды. Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС-і бас директорының корпоративтік функциялар жөніндегі орынбасары Эльдар Қарымсақовтың айтуынша, мұндағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы – 500 мың теңге.
«2019 жылы барлық персоналдың жалақысы 6%-ға дейін өседі. Кәсіпорын жас отбасыларға да қолдау көрсетуде. Қазір біздің зауытта 400 жас отбасы бар. Жас жұбайлар некеге тұрған кезде 50 айлық есептік көрсеткіш, 126 250 теңге көлемінде көмек беріледі. Осындай көтерме ақы сәби дүниеге келген кезде де төленеді» деп атап өтті спикер «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.