Атырауда қала күніне орай 380 көшет жеміс ағашы отырғызылды

04a602cb 6a17 4a3c 8142 7b2413a5e39b Жаңалықтар

atr.kz/2 қазан, 2020 жылАтырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов  жеміс ағаштарын отырғызу іс-шарасына қатысып, өзі де көшет отырғызды.

4b7f29c2 2a73 4e7f 8fd2 f282e03fefcd

380 түп жеміс ағашы бұған дейін атыраулық еріктілердің ұсынысымен ашылған «Балықшы» саябағындағы 2 гектар алаңға отырғызылды. Өңір басшысы Махамбет Жолдасғалиұлы алма ағашын отырғызғаннан кейін қала көлемінде ұйымдастырылып жатқан көгалдандыру шарасының маңыздылығына тоқталды. Тал отырғызу жұмыстары облыс көлемінде де ұйымдастырыла беретінін атап айтты.

b86d5537 52e3 474e 9c20 e2fb9ff4a228

Іс-шараға қатысқан ардагер Ақмырза Батырхайыров облыс әкімі Махамбет Жолдасғалиұлы бастаған игі шараға ризашылығын білдіріп,  батасын арнады.

Айта кетейік, Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай жалпы 1000 дана жеміс ағашы мен тал отырғызу рәсімі екі күн бойына өтеді. Отырғызылып жатқан көшеттердің арасында Алматының алма бағынан әкелінген  жоғары сортты алма ағаштары да бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз