Атырау қаласының маңында 102 шақырымнан аса жолға асфальт төселеді

126599 Жаңалықтар

Atr.kz/3 қыркүйек, 2019 жылЖұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 км  жолға асфальт төсейді, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығының негізгі көшелерінде ғана емес, қала маңындағы селолық округтерде де құрылыс-монтаж  жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ,  Ақсай-2, Тасқала-3, Дамба-2, Еркінқала-2 ауылдық округтерінде жуық арада жаңа асфальт пен тротуарлар пайда болады.  Өзге аудандардағы секілді , мұнда да мердігерлер жол төсемін тегістеп, жиектерін жөндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасайды.

– Қазіргі уақытта  қала маңындағы 20 көшеге – 14 шақырымнан астам жол төселді.  Жұмыс әлі де жалғасуда, мердігерлер алдын-ала жоспарланған учаскелерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тратуарларға асфальт төсейді, – дейді қалалық ТКШ  бөлімінің бас маманы Алмас Сарсенов.

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз