Атырау-Индер тас жолындағы көлік апатынан 2 адам қаза тапты

screenshot 3 2 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады.

15 ақпан күні Атырау-Индер тас жолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан. Нәтижесінде Lada Granta автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнында, 61 жастағы жолаушы ауруханада қаза тапты. 

Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Соққыдан кейін Toyota Ipsum көлігі өртенген, өрттен зардап шеккендер жоқ.

Аталған дерек бойынша аудандық ПБ-мен ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз