Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Атырау халқының қанша пайызы ауыз сумен қамтылған?

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл. Бүгінде ауылды аймақтардағы 153 елді мекеннің  121 елді мекеніне  таза ауыз су жүйесі тартылып, сумен қамту көрсеткіші 79 пайызды құрап отыр.

Ағымдағы жылы басқа да елді мекендерді таза ауыз суымен қамтамасыз ету үшін  689, 197 млн. теңге қаржы бөлінген.  Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда  аталған қаражатқа өңірдегі 10 елді мекеннің құрылыс жұмыстары іске асырылуда. 

—    Күні бүгін  2 нысанның   құрылыс жұмыстары аяқталды. Атап айтсақ, олар  Индер ауданы Қызылжар, Ақтан елді мекендеріндегі су жүйесінің құрылысы және Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы Жұмекен ауылындағы Дәулеткерей, Көнеу елді мекендеріндегі су жүйелерінің құрылысы.

Бұдан басқа Құрманғазы ауданы «Астрахань-Ганюшкино-Маңғышлақ» су құбырынан Ганюшкин, Нұржау, Орлы, Кадырка, Жұмекен, Дәшін ауылында орналасқан су тазарту имаратына қосу үшін жергілікті бюджеттен 392, 919 млн.теңге қаржы бөлінді.  Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 6 елді мекенге жобалау жұмыстары жасақталып, құжаттары дайын тұр, — дейді Мұрат Иғалиев.

Айта кетейік, аталған жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылғанда, өңірдегі 153 ауылдық елді мекеннің 132 елді мекені немесе халықтың 99,1 пайызы таза ауыз суымен қамтамасыз етілетін болады.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникация қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button