Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

«Атырау» газетінің 80 жастағы оқырманы Жанұзақ Қабдешов сайлауда өз таңдауын жасады

«Атырау» газетінің 80 жастағы оқырманы, зейнеткер Жанұзақ Қабдешовті Атырау қаласындағы Мирас шағын ауданында дауыс берді» деп хабарлайды Atr.kz

 Қарт сайлаушы өзінің азаматтық позициясын орындау үшін, мұздақ пен қараңғылыққа қарамастан сайлау учаскесіне өзі аяқтай келді.

–Радиодан барлық үміткер партиялардың  сайлауалды бағдарламасын тыңдап, өз таңдауымды жасауға келдім. Ол үмітімнің ақталатынына сенімім мол, — дейді ақсақал.

Мирас шағын ауданы, №36 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №86 сайлау учаскесінде дауыс беру барлық санитарлық талаптар мен арақашықтықты сақтай отырып өтіп жатыр. Дауыс беру залындағы биылғы өзгешелік – карантин талаптарына орай дауыс беру кабиналарының шиырмалары ашық күйінде тұр.

Сайлау комиссиясының төрағасы Зәуре Жолдасованың айтуынша, учаске барлық талаптарға сәйкес, белгіленген уақытта ашылды. Сағат 07:10-да алғашқы сайлаушы 52 жастағы қала тұрғыны Қажымұқан Құсайынов өз таңдауын жасады.

Сайлау барысын «Азаматтық Альянс», Кәсіподақтар Федерациясы, «Жәрдем Атырау» корпоративтік қоры мен «Азаматтық қоғам» қоғамдық қорының  байқаушылары және бір сенімді өкіл бақылауда.

–Сайлау өз деңгейінде, уақытымен  өтіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылық немесе кедергі жоқ. Барлық талаптар сақталған,  — деді  Кәсіподақтар Федерациясынан келген байқаушы Гүлфия Құлбатырова.

Аталған сайлау учаскесіне  2012 дауыс беруші тіркелсе, сағат 9:20-да 28 тұрғын өз таңдауын жасады.

Салтанат Ақтәжиева

photo 2021 01 10 08 53 48

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button