Жарнама
Жаңалықтар

«АТЫРАУ ЭТНОСТАРЫ» ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

— Биыл Тәуелсіздікке 25 жыл толады. Бұл – ширек ғасыр. Осы кезеңде жинақталған тәуелсіздік тәжірибесі – бұл елдің, қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы, — деген облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Ассамблеяның аймақтағы мүшелеріне жаңа кітапты табыс етті.

Облыста этникааралық және конфессияаралық келісім Атырау облысының Қазақстан хал-қы Ассамблеясының тиімді жұмысы арқасында мүмкін болып отыр. Оның құрамында 17 этномәдени бірлестік бар.

Бір мың дана таралыммен шыққан кітапта Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық топтармен, этномәдени, үкіметтік емес бірлестіктермен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара байланыса отырып, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған жұмыстары кеңінен көрсетілген.

Кітап үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, толық форматта шыққан. «Этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдылық міндеттері», «Этномәдени бірлестіктер» және «Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы» деген үш тараудан тұрады.

Дайындаған: Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button