Жарнама
Жаңалықтар

Атырау еріктілерінің тәжірбиесі республика көлемінде жүзеге асырылатын болады

Atr.kz/11 желтоқсан, 2019 жыл. Атырау еріктілері ҚР жедел медициналық көмек ассоциациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Атырау облысының  Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Аталған келісім   Ұлттық жедел медициналық  көмек орталығының директоры  Біржан Оспанов пен   Атыраулық ерікті Арман Қасымовтың арасында жүргізілді.  Келісім бойынша  атыраулық еріктілердің тәжірбиесі 2020 жылдан бастап еліміздің өзге өңірлерінде жүзеге аспақ .  

 — Бұл әріптестік аясында біздің 2008 жылдан бері Атырау облыстық жедел жәрдем станциясында атқарып келе жатқан тәжірбиеміз еліміздің барлық өңірінде жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, оқушылареа   алғашқы көмек беру шараларын үйрету үшін мектептерді де аралайтын боламыз, — дейді Арман Қасымов.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Ұлттық волонтерлер желісі ұйымдастырған «Қазақстанның үздік еріктісі» сыйлығында атыраулық еріктілер “Медицинадағы еріктілік” аталымы бойынша  үздіктер қатарынан көрінген болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button