БАЛЫҚШЫДА ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ ЖАЙЫҚТАН ІЗДЕП ЖАТЫР… (+видео)

img 20220123 wa0016 Жаңалықтар

Атырау облысы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері (ТЖД) жоғалған баланы іздестіруде…

«23 қаңтар күні сағат 05.30-да Атырау облысы полиция департаментінен 22 желтоқсан күні сағат 15.00-де Балықшы ықшамауданындағы Абай көшесінен 2013 жылы туған бала көшеге шығып, үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Өз күштерімен іздеу нәтиже бермеді.

Қазіргі уақытта құтқарушылар аталған шағынаудан бойынша баланы іздестіруде. Сондай-ақ Перетаска каналына сүңгуірлік жұмыстар жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД-нің 17 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды» деп хабарлады облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Бағыттама бойынша жергілікті тұрғындар баланы Перетаска каналы маңынан көргенін айтқан.

Сондай-ақ, Балықшы тұрғындары мен мектеп мұғалімдері, жүзге жуық полицей мен еріктілер де іздеу жұмыстарын жүргізуде. Барлығы 15 техника жұмылдырылған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз